Қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргер ісінің түлектеріне диплом табыстау
2022 жылдың 7 шілдесі күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргер ісі білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп, бітіруші түлектерді құттықтады.
Ары қарай диплом табыстауды Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі Сарсенбаева Г.Ж., және Жалпы медицина факультетінің декан Долтаева Б.З жалғастырды.
Академияның қоғамдық өміріне белсене араласқан бітіруші түлектердің ата аналарына Жалпы медицина факультетінің деканы Долтаева Б.З ректордың алғыс хаттарын табыстады.
Іс шара көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын концерттік бағдарламамен жалғасты.
Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!