“Қазақстанның табиғаты мен мәдениетіне терең үңілу: студенттердің Тау Самалына сапары”

Өткен демалыс күндері қысқы емтихандары аяқталғаннан кейін Медбиофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен кураторы Бердиева Меруерт Аймамбетқызы Академияның шетелдік 2 курс ЖМШБ 07-24 білім алушыларымен Тау Самалы базасына саяхат ұйымдастырды. Білім алушылар қазақ даласы мен тауларының көз тартар әсем көріністері мен таза тау ауасынан ләззат алды.

Білім алушылар аспалы жолмен көтеріліп, қазақ жерінің көркем табиғатымен танысты. Сонымен қатар, олар алғаш рет атқа мініп көрді. Басында аздап қорқыныш болғанымен, кейін аяқты үзеңгіге салып атқа отырудың ережелерін үйреніп алды. Сондай-ақ, балалар тюбингпен сырғанап, сапарды одан әрі көңілді және есте қаларлық етті.
Бұл сапар білім алушыларға жақсы демалуға ғана емес, сонымен қатар біздің өңірдің қайталанбас табиғатымен, салт дәстүрімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

21.01.2025, 13:59
31 қаралым