«Қазақстан халқы Ассамблеясы — татулық пен бірліктің кепілі» атты дөңгелек үстел

5.02.25ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы — татулық пен бірліктің кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы — татулық пен бірліктің кепілі» атты дөңгелек үстелдің өтуі, еліміздің ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтудағы маңызды қадамы болып табылады. Мұндай шаралар Ассамблеяның Қазақстандағы көпұлтты қоғамды дамытудағы рөлін көрсетуге, халықтар арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.
Мақсаты: Ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйрету, қоғамда тұрактылықты сақтауға, тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелге Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары Саулембаев Алтынбай Тағабайұлы, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Каманов Тургунбай Киразович, ОҚМА-ң жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Тасжанов Берік Рахманәліұлы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында, түрлі этнос өкілдерінен құралған студенттер Ассамблеяның құрылу тарихы, оның еліміздегі саяси және әлеуметтік процестерге әсері туралы пікір алмасты. Қазақ, үнді, өзбек, корей, орыс, азербайжан ұлт өкілдерінен құралған білім алушылар өз өнерлерін паш етті. Бұл іс-шарада ұлтаралық келісім мен әртүрлі мәдениеттер мен діндер арасындағы құрметті дамыту туралы маңызды мәселелер талқыланды.

Мұндай кездесулер тек қана тарихи маңызға ие емес, сонымен қатар ұлттық келісім мен бірлікті сақтау жолындағы болашақта да маңызды қадамдар жасалатын алаң болып табылады.

06.02.2025, 14:37
162 қаралым