Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Тәжірибелік дағдылар орталығында

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына сапармен келген Алексей Цой Тәжірибелік дағдылар орталығын аралап, муляждармен, фантомдармен және симуляциялық тренажерлармен, сондай-ақ клиникалық жағдайды шынайы жағдайға сай толық имитациялауға және автоматизмге дейінгі әрекеттер алгоритмін үйренуге мүмкіндік беретін инновациялық жоғары технологиялық компьютерленген виртуальды робот симуляторлармен, лапороскопиялық ота жасау тренажерымен, «Пирогов» интерактивті анатомиялық 3D столымен танысып, жоғары бағасын берді. Орталықта терапия, педиатрия, акушерлік және гинекология, жалпы тәжірибелік дәрігер, жұқпалы аурулар, стоматология және клиникаға кіріспе, фтизиопульмонология және радиология, жедел медициналық көмек, хирургия тәжірибелік дағдыларды игеру сыныптары жабдықталған.
Цой А.В. білім алушылар үшін тәжірибелік дағдыларды игеру отандық медицинаның болашағы екендігін айтып өтті.

24.02.2023, 15:34
486 қаралым