Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой «South clinical & Genetic laboratory» зертханасында
2023 жылдың 24 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «South clinical & Genetic laboratory» зертханасында болып, онда зертхана қызметкерлері қызметтің негізгі бағыттарымен таныстырды. Зертханада гематологиялық, жалпы клиникалық, биохимиялық, коагулологиялық, иммунологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулерді жүргізеді. Зертхананың ғылыми қызметкерлері медициналық қызмет көрсету дәрігерлеріне пациенттерді тексеру және зертханалық талдаулардың нәтижелерін бағалау үшін жоғары сенімді зертханалық сынақтарды таңдауда консультациялық көмек көрсетеді.
Сонымен қатар зертхана мамандары және дәрігер-зертханашыларға біліктіліктерін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Алексей Цой зертханамен танысып болған соң, өзінің жоғары деңгейдегі бағасын беріп кетті. Алексей Цой сапалы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін заманауи жабдықталған зертханалық зерттеулердің маңыздылығын атап өтті.