Қазақ Ұлттық медициналық университетінің м.ғ.к, доценті Б.Б.Бижигитованың Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясымен академиялық ұтқырлығы.
21.10.2022 жылдан 31.10.2022 жылы аралығында Қазақ Ұлттық медициналық университетінің «Жалпы иммунология» кафедрасының м.ғ.к, доценті Б.Б.Бижигитова Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясының «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасында онлайн форматта «Амбулаторлық емханадағы клиникалық аллергология және иммунология» пәні бойынша кафедра резидентіне дәрістер оқыды. Дәрістер келесі тақырыптар бойынша оқылды:
1.Жалпы иммунология - 21.10.2022ж
2.Жасушалық және гуморалдық иммунитет - 22.10.2022ж
3.Цитокиндер - 27.10.2022ж
4.Жоғары сезімталдық - 28.10.2022ж
5.Вакциналар. Вакцина профилактика - 31.10.2022ж
08.11.2022,
21:29
415 қаралым