«Қазақ руханиятының қос қыраны» атты әдеби кеш
19.02.25ж. күні А. Пушкин атындағы қалалық әмбебаб кітапханасында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушылары А.Ж.Ибраимова мен А.Ә. Мырзаия және 2 курс «Педиатрия» БББ студенттерінің қатысуымен «Бір ел-бір кітап » республикалық акция аясында «Қазақ руханиятының қос қыраны» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеште көрнекті қаламгерлер Т.Әлімқұлов пен Ж.Нәжімеденовтің шығармалары оқуға таңдалды.
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықласын көтеру, сонымен қатар жас өспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау.
Білім алушыларымыздың қатысуымен «Уақыт машинасы», «Тұман» шығармасынан қойылым қойылып, Ж. Нәжімеденовтің өлеңдері оқылды.
Әдеби кеште ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысқаны үшін кафедрамыздың аға оқытушылары А.Ж.Ибраимова мен А.Ә. Мырзаия және 2 курс білім алушылары Алғыс хаттармен марапатталды.
