Қазақ даласының ұлттық ойындары

2024 жылдың наурыз айының 18-і күні «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдыстыруымен қалаішілік жоғары оқу орындары мен колледждер арасында «Қазақ даласының ұлттық ойындары» атты ұлттық ойын түрлерінен сайыс өткізілді. Сайысқа ОҚМА-ның «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы, «Шымкент мамандандырылған колледжі», «ОҚМА жанындағы медициналық колледжі» оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Сайыс барысында «асық ату», «қол күрес», «ләңгі тебу», «арқан тарту» ойындары бойынша 4 топ сайысқа түсті.
Мақсаты: қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы білім алушыларға қазақ халқының салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін дәріптеу.

18.03.2024, 18:06
144 қаралым