Қасқасу базасындағы «Ботаника» оқу-далалық практикасы

2024 жылдың 27 мамырынан бастап 31 мамырына дейін «Фармация» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Қасқасу базасында ботаника пәндері бойынша оқу-далалық практикасын өтуде. Фармация студенттері осы аудандағы биік таулы шалғындықтағы және база территориясында өсетін өсімдіктердің негізгі түрлерімен, эндемиялық және сирек кездесетін түрлерімен танысты. Білім алушылар өсімдіктерді жинау, кептіру, гербаризациялау дағдыларын меңгеріп, тіршілік формаларын анықтау мен морфологиялық сипаттауды үйренді.

31.05.2024, 15:20
233 қаралым