Қаржылық қауіпсіздік негіздері

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі "Қаржылық қауіпсіздік негіздері" сияқты жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған білім беру мекемелерінде сабақтар және семинарлар енгізу жөніндегі Агенттіктің бастамасын қолдады. Қаржы қауіпсіздігінің негіздемелерін білмеу заңсыз әрекеттерге қатысу немесе алаяқтардың құрбаны болу қаупін тудырады. Жас ұрпақты ресурстарды дұрыс бөлуге үйрету болашақта олардың қаржылық қауіпсіздігінің тәуекелдерін азайтады.
Осыған байланысты, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Қаратаева Фарида Муслимқызы ПОҚ құрамына және ОҚМА білім алушыларына қазанның 3-і күні «Қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Басты мақсат – әр адамның бойында қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік деген түсініктерге салмақты көзқарас қалыптастыру, өзінің қаржысына өзі ғана иелік ететін сенімділік беру, түрлі алаяқтықтарға ұрынып қалу тәуекелін азайту.
Семинар-тренинг жүргізуші, Фарида Муслимқызы жастарымызды барынша алаяқтардың құрығына түсіп қалмауға, оң шешім қабылдап, әрекет етуге шақырды.

24.10.2024, 19:08
163 қаралым