Қарттарымыз қазынамыз!

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы медицина колледжінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен 10 наурыз 2023ж күні Шымкент қаласы, Оңтүстік мөлтек ауданында (бұрынғы Чапаевка) орналасқан қарттар үйінде қайырымдылық концерті өткізілді. «Я волонтёр» ұйымының мүшелері өнерлерін көрсетіп, қарияларымызды қуанышқа бөледі. Көңілдері көтерілген қарттарымыз ән салып, жастарымызға бата берді. Біздің тараптан сыйлықтар ұсынылып,  ата-апаларымызға денсаулық тіледік. Шара соңында мекеме басшысы кештің керемет өткендігін айта отырып ризашылығын білдірді. 

10.03.2023, 20:36
464 қаралым