«Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы»
2023 жылдың 02 қазан күні «Ардагерлер күні» мерекесіне орай «Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы» ұранымен Академия ардагерлеріне басшылық тарапынан академия асханасында арнайы мерекелік дастархан жайылып, құттықтау сәті ұйымдастырылды.
Аталған мерекенің мақсаты – қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне және өмір сапасын арттыруға назар аудару әрі қамқор болуды көздейді.
Құрметті ардагерлер сіздерге, сіздердің отбасыларыңыз бен жақын туыстарыңызға зор денсау¬лық, берекелі ұзақ ғұмыр тілейміз, айналаңыз¬дағы жаны жомарт жандардың ықылас-ниетіне бөленіп әрқашан арамызда жүре беріңіздер!
02.10.2023,
16:34
486 қаралым