«Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы», «Жетім көрсең, жебей жүр, «Жүректен жүрекке» және т.б. тақырыптарда қайырымдылық акцияны ұйымдастыру

Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында «Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы», «Жетім көрсең, жебей жүр», «Жүректен жүрекке» тақырыбында қайырымдылық акцияны ұйымдастырып өткізді.
Жас ұрпаққа тәрбие беруде мейірімділік, қамқорлық, көмек, адамгершілік, жанашырлық сияқты жеке қасиеттерді дамытуға, сондай-ақ, жалпы адамдардың жағдайларына бет бұрып назар аударуға, жақсылық жасауға, мұқтаж адамдарға көмектесуге және өмірде жақсы адам болуға ұмтылуға жәрмеңке жұмысы студенттерге мүмкіндік береді.
Қайырымдылық акциясына қатысқан студенттер үшін игі істер күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналады деп сенеміз. Кафедра атынан белсенді қатысқан студенттерге алғыс білдірілді.

29.11.2024, 19:09
158 қаралым