ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ВОЛОНТЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек волонтерлік ұйымның көшбасшылары мен жас волонтерлермен кездесті. Бүгінде әртүрлі бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар атқарып жүрген 30-ға жуық ерікті жас қала әкімінің орынбасарына сан алуан сауалдарын жолдап, көкейлеріндегі ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, шаһарда медициналық волонтерлықты дамыту, волонтер жастарды оқу семинарларынан өткізу, ай сайын волонтерлердің басын қосып, тұрақты кездесулер ұйымдастырылып отырса деген ой-пікірлерін ортаға салды. Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары белсенді жастардың ұсыныстары қаперге алынатынын жеткізіп, жастарға алғысын білдірді.

05.04.2024, 15:50
364 қаралым