Қайырымдылық акциясы: «Бір уыс - Мейірім» «Ай-Нұры» медицина орталығы

«Мейірімділік» – адамның ең асыл да бағалы, құнды қасиеттерінің бірі. «Мейірімділік» сөзінің астарында адамгершілік, жанашырлық, жылылық, көмек, сыйластық, кең пейілділік, ибалылық, махаббат секілді толып жатқан ғажап ұғымдар жатыр. Мейірімділік - медицина қызметкері үшін ең қажетті қасиеттердің бірі.
Іс-шараның мақсаты: интерн-дәрігерлердің санасын дамыту, әрбір азаматты қайырымдылық істерге тарту, баулу, балалар мен жасөспiрiмдердiң арман-тілектерiне қол жеткiзулерiне көмек беруге баулу, ата-аналарына қолдау білдіруді үйрету.
23.12.2024 ж. «ЖТД-3» кафедрасының ПОҚ құрамы, кафедра меңгерушісі доцент м.а. Оспанов К.Е, кафедра ассистенттері Онласбекова Г.М, Баймакова Г.Ш ұйымдастыруымен және «Жалпы медицина» 7-курс IЖТДҚ-14-23, , IЖТДҚ-15-23, IЖТДҚ-16-23 топтарының интерндерінің бастамасымен «Ай-Нұры» медицина орталығында, жаңа жыл қарсаңында көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына қуаныш сыйлау үшін «Мейірімді жүрек» акциясы ұйымдастырылды.
Жаңа жыл мерекесіне қарсы «Ай-Нұры» медицина орталық учаскілеріне қатысты диспансерлік есепте тұратын мүмкіндігі шектеулі 30- бүлдіршінге Аяз ата мен қарша қыздан сыйлықтар табысталды. Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер әндерін, тақпақтарын, өнерлерін көрсетті. Балалардың ата-аналары да біздің көңіл бөліп, сыйлық жасағанымызды көріп, ерекше сезімге бөленіп, өздерінің жалғыз емес екендігін, қайырымды жандардың қолдау білдіріп, демеушілік жасаған кафедра ұжымына алғыстарын жаудырды.
«Ай-Нұры» медицина орталығының бас дәрігері Э.У.Сауленбаева және бөлім меңгерушісі М.Е. Нуралиева бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған
«ЖТД-3» кафедрасының ұжымына және барлық интерн-дәрігерлерге өз аттарынан және ұжым қызметкерлері атынан қолдау көрсеткендеріне ризашылықтары мен алғыстарын білдіріп, алғыс хатын табыстады.

23.12.2024, 13:01
126 қаралым