Қайырымдылық адамгершілік белгісі
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет.Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады.
Халық даналығы
Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Үлгілі сөз білмеген,
Надандықтың белгісі.
Бар-жоғына қарамас,
Анық жомарт, ер кісі.
Демекші,Дене тәрбиесі орталығы жылы жүрекпен қол ұшын созуға аянып қалмады,білім алушыға құрбысымен көңілі көтерілсін деген ниетпен театрға 2 билет табысталды және де материалды көмек көрсетілді.
28.05.2024,
14:33
330 қаралым