Профессор – оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы
И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы арасындағы мемлекетаралық келісімге сәйкес профессор-оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚММА шақыруымен «Дәрілер технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Сағындықова Баян Ахметқызы 24 қараша мен 4 желтоқсан аралығында « Биофармация» пәні бойынша фармация факультетінің 5 курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін онлайн лекциялар оқып жатыр.
03.12.2020,
22:48
