ПОҚ академиялық ұтқырлығы

2024 жылдың 18 мен 30 қараша айы аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Педиатрия-1» кафедрасында «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» КеАҚ-ның «Амбулаторлық-емханалық педиатрия» кафедрасынан доцент Ажахметова Мира Зекенқызы және ассистент Бокетова Бибигул Нусипкожаевна «Педиатрия» білім беру бағдарламасы бойынша 7-курс дәрігер-интерндерге «ЖТД-ғы балалар кардио-ревматологиясы» пәнінен оқу тәжірибе алмасты. Профессор оқытушы құрамы оқу процесіне: шетелдік авторлардың оқу құралдары, бейне дәрістер, ғылыми сайттар және білім алушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар сияқты әртүрлі оқу материалдарын пайдаланды. Формативті бағалар чек парағына сәйкес қойылып, сабақтың соңында өткізілетін ауызша, жазбаша жауаптар мен тест жауаптарымен қорытындыланды. Білім алушылар жоғары деңгейде дайындалып, клиникалық дағдыларын тікелей науқастың төсегінде көрсетті.
Сонымен қатар, доцент Ажахметова Мира Зекенқызы Түркістан облысы, «Облыстық балалар ауруханасында» 121 аурухана қызметкерлеріне БАБЖ бағдарламасының «Ауруханадағы балаларға көмек көрсету» қалталы анықтама бойынша мастер класс жүргізілді. Шалғай аудандардағы 27 медицина қызметкерлеріне «Әмбебап прогрессивті моделі» бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Курс соңынан біліктілігін арттырғандығы туралы сертификаттар берілді.

09.12.2024, 15:53
95 қаралым