ПМФИ-мен академиялық ынтымақтастық сәтті жалғасуда
Қазіргі уақытта біздің академиямыздың басшылығының қолдауымен, ОҚМА және ПМФИ (Пятигорскқ., Ресей) арасындағы ынтымақтастық меморандум негізінде фармация факультетінің 4-курс студенттері біздің елден тыс серіктес-университет базасында өндірістік практика өтуге мүмкіндік алды.
Өндірістік практиканың мақсаты - Солтүстік Кавказ флорасының дәрілік өсімдіктерінің өсуін және экологиясын, ботаникалық бағында өсімдіктерді эксперименталды түрде өсіру мүмкіндігін, сондай-ақ қорлары шектеулі және кіші ареалдарда өсетін көптеген маңызды дәрілік өсімдіктердің мәдениетке ену тәжірибесін зерттеу болып табылады.
Бұдан басқа, ОҚМА фармакогнозиясы кафедрасының гербарий және шикізат қорын толтыру үшін студенттер Қазақстан флорасында кездеспейтін дәрілік өсімдіктердің гербарий мен шикізатын дайындауға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенттер тобының жетекшісі, кафедра профессоры Ж.С. Тоқсанбаева Пятигорск медика-фармацевтикалық институтының фармацевтика факультетінің 3 курс студенттері мен ОКБ бойынша 2 курс студенттеріне зертхана-тәжірибелік сабақтар өткізіп және фармакогнозия пәнінен дәрістер оқып жатыр.
Академиялық ұтқырлық шеңберінде білім беру үдерісінің белгілі бір кезеңдерін өту және шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту мүмкіндіктері академия студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамына болашақ іс-әрекеттерінде халықаралық тәжірибені және ең жақсы жетістіктерді пайдалануға және дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ОҚМА-ны табысты интеграциялауына мүмкіндік береді.