Пікірсайыс жеңімпаздары

13.03.2019ж. М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілген «Жеткіншектер мен жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктері» атты пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа қаламыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарынан құралған 8 топ қатысты. 

1332 1

ОҚМА атынан "Зиялы қазақ" дебат клубының «Эверест» фракциясы қатысып І орынды иеленді. «Үздік спикер» номинациясы дипломымен «Фармация» факультетінің студенті Шер-Мухаммед Халида марапатталды.

1332 2

16.03.2019, 03:56
218 қаралым