Қозы Көрпеш-Баян сұлу - 2021

2021 жылдың 13 сәуір күні ОҚМА «Айкөркем» қыздар кеңесі ұйымының ұйымдастыруымен, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен студенттік кәсіподақтың қолдауымен «15 сәуір - ғашықтар күні» мен «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық» мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жастарының арасында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу-2021» ұлттық танымдық байқауы өткізілді.

1679 2

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізіліп отырған байқаудың мақсаты – жастарымызға қазақ елінің салт-дәстүрлерін насихаттау, қазақ қыз-жігіттерінің қазақи мінез-құлқы мен болмысын көрсету болатын.

Ұлттық танымдық байқауды Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ашып беріп, жастарға сәттілік тіледі. Әділ қазылар алқасының құрамында Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының белді актеры, ҚР Мәдениет қайраткері Е.Шымыркулов, Жастар ресурстық орталығы «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің инспекторы Қ.Бөгенбай, Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Ахметов төрелік жасады.

Іс-шараға академиядағы факультеттер арасынан 5 жұп катысып, 3 кезең бойынша бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша 1 орын мен «Көрермен көзайымы» номинациясын - Мейірбеков Нұрболат пен Дәуленбай Айжан, 2 орын - Балтаев Нұржан мен Каримқызы Алтынай, 3 орын - Бауыржан Нұрдаулет пен Аязханова Аяжан, «ОҚМА серісі» номинациясын Бауыржан Нұрдаулет, «Өнерлі сері» номинациясын Балтаев Нұржан, «Өнерлі ару» номинациясын Атажан Жұлдыз, «Сәнді ару» номинациясын Гулам Қадыр Диана иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

15.04.2021, 07:43
431 қаралым