ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

2024 жылдың 3 қазан күні Жастар саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасылық құндылықтар тақырыбында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері арасында кездесу өткізілді. Кездесуге Профессор, биология ғылымдарының докторы, Қазақстандағы алғашқы ЭКО нәрестенің авторы,«Экомед» клиникалар тобының және "NGC" халықаралық репродукция орталығының негізін қалаушы және ғылыми жетекшісі, «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау ісінің,үздігі» Салтанат Берденқызы Байқошқорава қатысты.
Іс-шара еркін, сұрақ-жауап форматында өтті. Салтанат Берденқызы Байқошқорава өз өмір-жолың, жеткен жетістіктері жайында баяндады. Сонымен қатар, қоғамдағы әйелдердің рөлі, отбасылық құңдылықтар, тұлғалық даму және табысты болудың құпиялары талқыланды. Студенттермен кері байланыс орнатылып, олардың сурақтарына жауап берілді.

03.10.2024, 15:23
220 қаралым