Отбасылық әл - ауқат
«Отбасы - бұл шағын әлеуметтік топ, қоғамның бірлігі. Қоғамның негізгі мақсаты - адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты».
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының фармацевтикалық өндіріс технологиясы БББ бойынша оқитын ФӨТҚБ-02-22 топ студенттері «Инженерлік пәндер» кафедрасымен бірігіп, «Отбасылық әл-ауқат», «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция» тақырыптары бойынша іс-шара өткізді.
Іс-шара кезінде тақырып бойынша білім алушылардың өз ойлары талқыланды, сондай-ақ, Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлең жолдары мәнерлеп оқылды және «Бақыт деген» әні топ студенттерімен бірге шырқалды.
24.09.2024,
14:44
202 қаралым