ОТАНДЫҚ ТАРИХТАН АШЫҚ САБАҚ

Қараша айының 18-і күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Ибраимова Қазақстан тарихы пәні бойынша «XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары» атты тақырыбында ашық тәжірибелік сабағын «Медицина» білім бағдарламасы, ВМ-МҚАБ-2-24, оқу топтарының 1-курс білім алушыларына өткізді. Ашық сабаққа академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде келген Астана медицина университетінің оқытушылары: Т.ғ.к. Б.Қ.Омарова мен аға оқытушы М.Б.Бектаева мен оқу бөлімі әдіскері және кафедраның профессор оқытушылар құрамы қатысты.
Ашық тәжірибелік сабақтың мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Кеңес мемлекетінің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары мен Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуын түсіндіру.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары орын алған кеңестік тоталитарлық режимнің іске асырылуы бойынша тарих үдерістерін айқындау мақсатындағы сабақ барысы белсенді оқыту әдісі, жасанды интелектіні қолдану арқылы жүргізілді. Сабақтың мазмұны ғылыми-зерттеулік материалдар негізінде даярланған ақпараттық түрде баяндалды. Схемалық сызбалар, карталық сурет, фото-видеокадрлар арқылы ұсынылған көріністер білім алушылардың Отандық тарихқа деген танымдық зерделерін қалыптастыра түсуге, оқуға деген дайындықтарын арттыруға ықпалы бар. Сабақта кері байланыс орнатылып, білім алушылар талданған мәселелерге байланысты өз ойларын білдірді, сұрақтарға толықтай жауаптар берілді. Қатысушылар ашық сабақ соңынан аталған тақырып бойынша арнайы жасақталған оқулықтар, кітаптар, оқу құралдары, ғылыми жинақтар, мерзімді басылымдар көрмесімен танысты.

19.11.2024, 17:52
64 қаралым