Отанды қорғау – ер азаматтың парызы
2024 жылдың 29 ақпан күні сағат 15:00 Шымкент қаласы қорғаныс істер жөніндегі департаментінің қатысуымен «Отанды қорғау – ер азаматтың парызы» атты тақырыбы бойынша Достық үйі – Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты қалалық деңгейде іс – шара өткізілді. Іс-шараға Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен Академияның В-ПҚАБ-01-22, В-САА-08-22, В-СҚАБ-01, 02-22 топтары қатысты. Бағдарлама бойынша әскери Оркестрдің сүйемелдеуімен әнұран орындалды. Тақырып бойынша әлеуметтік видеоролик қойылды. Кейіннен спикерлер өз баяндамалырын оқыды.
Іс-шара спикерлері: Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Шегебаев Әбдіғабит Құрбанұлы, Шымкент қаласы ардагерлер коалациясы төраағасы отставкадағы полковник Онбаев Серикбай Мейірбайұлы, «Солдаттар анасы» қоғамдық алқа төрағасы Муминова Шарипа Ахметжанқызы, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестік төрағасы Оспанова Гулмира Болатқызы, «Таулы-Карабах» қоғамдық бірлестік төрағасы Аманбаев Мұрат Мырзаға, Еңбекші ауданы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Мирзахметов Бахадир.