«Отан – отбасыдан басталады»

2021 жылдың 13 қыркүйек күні ZOOM онлайн-платформасында Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, «Отбасы күні» мерекесіне орай «Отан – отбасыдан басталады» тақырыбында кездесу өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы «Әйелдер және отбасы-демографиялық саясаты» жөніндегі комиссияның мүшесі Лимана Қойшиева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Шынтөреева Айгүл Қанатовна, Хамит Ақбота Оразбайқызы және академиядағы интерндер қатысты. Құттықтау сөзімен Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Ахметов ашып берді.

Сөз кезегін алған спикерлер отбасы құндылығы, отбасын құру, отбасындағы ер мен әйелдің атқаратын қызметін, беріктігі жайында мәліметтер беріп қызықты ойындар өткізді.

Кездесуге қатысқан интерндер психолог мамандардан отбасылық өмірлеріне қажетті біраз мағлұматтар алып, көкейіндегі сұрақтарына жауап тапқандықтарын білдірді.
Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

14.09.2021, 21:35
521 қаралым