Қош келдің, жас студент!

833 3

Қазан айының 11 жұлдызында жыл сайын  дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын  ОҚМФА І курсына қабылданған білім алушыларды студенттік қатарға қосу рәсімі «Тұсау кесер» кеші өтті. Кешті салтанатты түрде  оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор М.Ұ.Анартаева ашып, факультет декандары білім алушыларды жылы лебіздерімен құттықтады. Бұл жылы ОҚМФА-ға 18 алтын белгі иегерлері және көптеген Назарбаев зияткерлік мектебінің бетке ұстар оқушылары өз таңдауымен оқуға түсті. Кештің салтанатты бөлімінде М.Ұ.Анартаева оларды жетістіктерімен құттықтап, символикалық сыйлықтармен марапаттады.  

833 2

Кештің концерттік бөлімінде «Қазына» би ансамблі қазақ, вальс, грузин билерін билеп, өнер жолындағы әншілер домбыра мен баянда  қазақ халық әндерін айтты. «Бурхан стайл»  музыкалық аспаптарда өнерін паш етті. Концерттік бөлімді жабу үшін сахнада академия белсенділерімен «ОҚМФА-мен биікке самға» студенттік әнұраны орындалды. Кеш ұстаздар мен студенттерге ұнап, көтеріңкі көңілде қайтты. 

833 4

833 5

833 1

833 6

17.10.2016, 04:12
399 қаралым