«Қош келдің, Әз – Наурыз» атты мерекелік іс шара
26.03.2018 жылы «Мейірбикелік күтім» ауруханасында «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының студенттермен «Қош келдің, Әз – Наурыз» атты мереке өткізілді. Наурызға арналған мерекелік іс шараны кафедра меңгерушісі Сейдахметова Айзат Ашимханқызы құттықтау сөздерімен бастады. 9-202 ЕІҚ тобының студенттерімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Зиятхан Рахима күй тартты.
Студенттер қазақтың салт дәстүрін дәріптеу мақсатында қыз ұзату рәсімі болып, Беркімбай Нұрсұлтан қазақ тілінде әндер айтып, 8 жасар Аргенбай Сабина ұлттық билерді биледі.
Сонымен қатар 3 ұлттың ұлттық тағамын көрсетіп, түсіндіруге Мәулен Гүлдана қазақтың наурыз көжесін, Адахамова Диора өзбектің сумаләгы және Аргенбай Диана татардың нанын. Науқастарға арналған мерекелік дастарханды 202 МІЖҚ, 303 ЕІЖҚ, 304 ЕІЖҚ, 305 ЕІЖҚ, 101 МІҚБ топтары ұйымдастырды. Ауруханада жатқан балаларға ойындар мен жарыстар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар мен ойыншықтар табысталды. Іс шараның соңында аурухананың бас дәрігері Жусупова Малика Абдрашевна өзінің разылығын айтып, студенттерге болашаққа деген жақсы тілектерін айтты, сонымен қатар ауруханадағы балалардың ата - аналары студенттерге ыстық лебіздері мен алғыстарын білдірді.