«Қош келдің, Әз Наурыз!»

747 1

Мереке қарсаңында «Наурыз» мейрамын насихаттау және қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету, оны құрметтей білу мақсатында «Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен» кафедрасы 16.03.2016 жылы ОҚМФА-ның акт залында  мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шараны медицина ғылымдарының докторы, профессор Сисабеков Қ.Е. ашып берді. 

Наурыз – ежелгі  мерекелердің бірі. Бұл көктем мен жаңару мерекесі, жер беті бұл мерекені бес мың жылдан бері тойлап келе жатыр. Соның ішінде Орталық Азия, кейбір деректер бойынша шығыс славяндар да тойлайды.

747 2 

Шерхан Айткүлдің «Наурыз» әнін шырқады. Бұл ән көктемнің күлімдеген көзі мен шуақты күнін шаттыққа бөлейтін керемет әсем әуен болды. Залда отырған барша жұртты керемет көңіл күйге бөледі.

Мерекелік іс – шарада бірқатар әсем әуендер мен топтық  билер орындалды. Әсем әуендер қатарына «Мереке», «Сәлем саған туған жер», «Менің қазағым», «Ақжайнақ», «Көк тудың желбірегені» жатады, ал топтық билерден «Қара жорға», «Испан биі», «Ұлытау» билері орындалды.

747 3 

Қазіргі уақытта бұл мереке халқымыздың ұлттық мерекесімен бірлігіне айналған. Ол барлық халықтарға ерекше мерекелердің бірі болып келеді. Әсіресе біздің көп ұлтты мемлекет үшін. Ежелгі Наурыз мерекесі қазіргі заманның бір бөлігіне айнала отырып, ескі дәстүрді сақтап калды.

Наурыз жаңару мен тазару, махаббат пен сұлулық мерекесі. Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін. Бұл мереке өміріңізге жақсы өзгеріс әкелсін. Ұлыс күні еліміз үшін әрқашан қасиетті. 

25.03.2016, 05:26
431 қаралым