Орыс тілінін ғажайып тұстары

2017 жылдың 18 ақпан күні «Қазақ, орыс және латын тілдері» кафедрасында орыс тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін шетел студенттері арасында байқау өткізілді. Байқауға ББК 1-8 топ тәлімгерлері және медициналық факультетінің «Жалпы медицина» мамандығы бойынша декан орынбасары М.К.Ширинова қатысты. 

933 1

Байқау мақсаты – шетел студенттерінің орыс тілін игеруге қызығушылығын және ынтасын арттыру.

Байқау 4 кезеңнен тұрды: 

1) сурет бойынша сөзді табу; 

2) шағын мәтіндерді оқу; 

3) сөздік диктант жазу; 

4) өзі және өз отбасы жайлы әңгіме құрастыру.

933 2

Байқауға 30-дан астам студент қатысып, қысқа мерзім ішінде орыс тілінен қол жеткізген білімдерін және шығармашылық қабілеттерін көрсете алды. Шетел студенттері қойылған сұрақтарға нақты және аса сенімділікпен жауап бере алды. Бұл байқау студенттерге өздерінің тамаша жақтарын көрсетуге мүмкіндік беріп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

933 3

24.02.2017, 06:01
447 қаралым