Орыс тілінен шетелдік студенттер арасында өткізілген онкүндік нәтижелері

2018 жылдың 19 наурыз және 29 наурыз аралығында қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша шетелдік студенттер арасында орыс тілінің онкүндігі өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты – студенттердің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту және шетел студенттерінің орыс тілін оқып үйренуге ынталылығын арттыру.

Аталған онкүндік аясында келесі іс-шаралар өткізілді: 

19.03.18 – медициналық терминдерді білу байқауы;

20.03.18 – өлеңді мәнерлеп оқу байқауы;

26.03.18 – «Полиглот» байқауы; 

27.03.18 – «Өзім туралы үздік әнгіме» байқауы; 

28.03.18 – «Менің әдемі Үндістаным» тақырыбындағы презентация;

29.03.18 – «Менің Қазақстандағы студенттік өмірім» атты үздік әңгіме байқауы;

30.03.18 – «Зияткер» қорытынды байқауы.

30 наурызда өткен қорытынды сайыста студенттер өз жұмыстарын орыс тілінде ұсынып, қазылар алқасы онкүндіктің жеңімпаздарын анықтады.

Орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Кхан Шавез (121 ЖМ/б) 

2 орын – Агравал Пракхар (119 ЖМ/а) 

3 орын – Шарма Дивянш (119 ЖМ/б). 

Жүлделерге ие болған студенттер мақтау қағаздарымен, ал белсенділік пен жақсы дайындық танытқан студенттер сертификаттармен марапатталды.

1096 1

1096 2

1096 3

02.04.2018, 22:33
421 қаралым