Оқырмандар конференциясы

Мамыр айының 26-ы күні әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебаб кітапханасында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың сөнбес жұлдызы» атты оқырмандар конференциясы болып өтті. Ақынның рухани, педагогикалық мұраларын насихаттауға бағытталған тарихи-танымдық іс-шараға жоғары оқу орындарының ұстаздары, филологтармен бірге ОҚМА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Алғабек Қабыл қатысып «Мағжан және Алаш» тақырыбында ақынның қайраткерлік қызметі туралы мазмұнды баяндама жасады.
Іс-шара барысында көрермендерге «Алаштың ақиық ақыны» тақырыбында кітаптар көрмесі ұсынылды.

29.05.2023, 16:42
334 қаралым