Білім алушылар назарына!
Қ.А. Яссауи атындағы "Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" және «Easy Group KZ» ЖШС Халықаралық медицина мектебінде тағылымдамадан өту конкурсына қатысуға шақырады!
Бағдарламаның мақсаты – Түркияның жетекші университеттері мен ауруханаларымен танысу, дағдылар мен біліктілігін арттыру, сондай-ақ шетел мәдениетімен танысу.
Бағдарлама бакалавриат студенттеріне, интерндерге және резиденттерге арналған.
Бағдарламаның мүмкіндіктері мен кестесін easy-group.kz сайтынан білуге болады.
28.01.2022,
21:38
