"ОҚМА"АҚ қызметкерлері арасындағы дәстүрлі XXXIX Спартакиада

2024 жылдың 16-17 қаңтарында спорттың 4 түрінен ОҚМА АҚ қызметкерлері арасындағы XXXIX Спартакиада өтті. Сайыстың ашылу салтанатына академияның бірінші проректорі Есиркепов Марлен Махмудович пен Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы жәнеде Дене тәрбиесі орталығының басшысы Ашірбаев Орынбасар Атырханұлы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спартакиадаға қатысқан 6 команда жарыс көркін қыздырды. Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Өткізілген іс-шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді. Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Жарыс соңында жеңімпаз бен жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сыйлақтар табысталды, сонымен қатар жалпы жарыс бойынша белсенді команда мен белсенді қатысушыларға диплом мен қомақты сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар Әскери кафедра бастығы подполковник Қасымбеков Асан Бөлегенұлына, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедра меңгерушісі Аширов Шадияр Алдиярұлына және Шұғыл мед. және мейіргер ісі кафедра меңгерушісі Сейдахметова Айзат Ашимханқызына өз ұжымдарының белсенді қатысуларына ат салысқандары үшін алғыс білдіреміз.
Атап айтқанда жарыс бойынша жүлделі орындарға ие болғандар тізімі:


Волейбол


I орын- Шұғыл мед. және мейіргер ісі кафедрасы
II орын – Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы
III орын – Әкімшілік құрама командасы



Арқан тарту


I орын - Әкімшілік құрама командасы
II орын – Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы
III орын – Әкімшілік-шаруашылық департаменті



Дойбы


I орын - Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы- Абдувалиев Жамшид
II орын – Шұғыл мед. және мейіргер ісі кафедрасы- Ордабеков Сәкен
III орын – Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы- Смат Балнұр



Шағын футбол


I орын – Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы
II орын – Әкімшілік-шаруашылық департаменті
III орын – Әкімшілік құрама командасы


Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы


Әскери кафедра


Әкімшілік құрама командасы


Әкімшілік-шаруашылық департаменті


Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасы


Қазақстан тарихы,әлеуметтік қоғамдық және Инженерлік пәндер кафедрасы


Белсенді кафедра

Спартакиададан естелік фото

23.01.2024, 15:10
344 қаралым