ОҚМА жоғары оқу орындары арасында үздік шықты
Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі оқу жылының басында әлеуметтік бейнеролик және тик ток бағытында байқау жариялаған болатын.
Байқауға ОҚМА белсенді студенттерінің әзірлеген 5 бейнеролигі жіберілді.
Қалалық деңгейде өткен бұл байқауда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жоғарғы және орта оқу орындарының арасында озық шығып II-орынға ие болды.
Бұл біздің жастарымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасып келе жатқандығын, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам - жарқын болашақтың кепілі екенін көрсетіп, оқу орнымыздың қоғам алдындағы беделін арттыра түсетініне сенеміз.
01.10.2021,
17:14
