ОҚМА-ын бітірген алғашқы түлектердің 40-жылдығына арналған кездесуі

2024 жылдың 24 мамыр күні ОҚМА АҚ үлкен мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 1984 жылы бітірген бірінші түлектерінің 40 жылдық кездесуі өтті. Мерейтойды салтанатты түрде ОҚМА АҚ-ның ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы құттықтау сөзімен ашып берді.

1984 жылы 200-ге жуық түлектер бітірді. Кездесуге шамамен 120-ға жуық түлек келді. Соның ішінде Германия, Өзбекстан және еліміздің бірнеше облыстарынан келгендер де болды. Ал келе алмаған қонақтар мерейтойды қашықтан зум арқылы тамашалады. 

Өмірлеріндегі жеткен жетістіктері үшін өздерінің ризашылықтарын білдіріп, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының дамуына үлес қосқан оқытушыларға түлектер өз алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын табыстады. 

28.05.2024, 10:44
425 қаралым