ОҚМА студенті тоғызқұмалақтан республикалық чемпионатқа жолдама алды

2025 жылғы 1-4 ақпан аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ВМ-СҚБ-01 тобының студенті Сейітжаппар Нұржан Шымкент қаласында өткен тоғызқұмалақ ойынының екі түрінен іріктеу жарысына қатысты.
Жарыс нәтижесінде Сейітжаппар Нұржан жүлделі II орын иеленіп, Орал қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды.
Оған алдағы республикалық сайыстарда сәттілік тілейміз және биік жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.

05.02.2025, 17:03
142 қаралым