ОҚМА Профессор-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлықтағы белсенділігі!

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасының профессор м.а. фарм.ғ.к. Р. М. Анарбаева академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 28 наурыз – 3 ақпан аралығында "Астана Медицина Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында болып қайтты.
МУА КЕАҚ Фармация мектебінің 4-5 курс білім алушылары мен оқытушылары тыңдаушылар болып табылатын "Дәрілер технологиясы бойынша білім алушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында шеберлік сыныптары өткізілді. Академиялық ұтқырлық барысындағы іс-шараларға студенттер қызығушылықпен қатысты және мастер-класс барысында өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

23.04.2025, 11:07
39 қаралым