ОҚМА медик-волонтерлары мастер-класс өткізуде

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының медик-волонтерлары 11.09.2023-15.09.2023ж күндер аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының, Tashenov Университетінің, Шымкент қаласы политехникалық колледжінің студенттеріне алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс көрсетті. Студенттер сетуациялық сұрақтар қойып, іс-шараны жоғары деңгейде өткізді. Қызықты ақпараттарымен бөліскені үшін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының медик-волонтерларына алғыстарын білдірді.

14.09.2023, 17:39
386 қаралым