ОҚМА кітапхана қорының толығуы
ОҚМА Дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.докторы, профессор Сағындықова Баян Ахметқызы - 44жылдық еңбек өтілі бар ұлағатты ұстазымыз «Фармация» бағытындағы студенттерге дәріс оқып қана қоймай, 270 астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік басылымдардың, 5 оқулықтың, 6 оқу құралының авторы. Бүгінде жаңартулары мен толықтырулары енген «Дәрілердің өндірістік технологиясы» 2томдық кезекті оқулығы жарық көріп, кітапхана қоры толықты!
Кітап – үнсіз мұғалім! Студент жастарымыздың зейіні ашылсын!
27.05.2024,
16:11
276 қаралым