ОҚМА Фармацевтика факультетінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру
29.09.2023 ж. онлайн форматта Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы фармацевтикалық білім беру және зерттеу институтының ПОҚ-мен кездесуі өтті, онда бакалавриат, студенттердің ұтқырлығы және ПОҚ деңгейінде бірлескен білім беру бағдарламаларының мүмкіндіктері мен іске асырылуы мәселелері қаралды.
Кездесуге Фармацевтикалық білім және ғылыми-зерттеу институтынан төмендегілер қатысты:
1) 1 проректоры – Умарова Шахноза Зиятовна
2) Оқу бөлімінің меңгерушісі – Садикова Наргиза Амановна
3) Фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі – Ходжаева Ирода Ахмадхужаевна
4) Біліктілікті арттыру орталығының директоры – Искандарова Шохиста Фехрузовна
5) Дәрілік заттар технологиясы кафедрасының доценттері – Шарипова Ирода Шавкатовна және Фозилджонова Малика Шухратжоновна
6) Фармацевтикалық басқару кафедрасының меңгерушісі және халықаралық қатынастар жөніндегі міндетін атқарушы – Рахимов Аброр Адхамович
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы тарапынан:
1) Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор – Анартаева Мария Уласбековна
2) Оқу-әдістемелік орталығының басшысы – Долтаева Бибігүл Зайдуллаевна
3) Фармация факультетінің деканы – Умурзакова Галия Жанбурбаевна
4) Фармация факультеті деканының орынбасары – Малик Мырзаханович Сапакбай
5) "Фармацевттік өндірістің технологиясы" кафедрасының профессоры, Білім беру бағдарламасы комитетінің төрағасы – Торланова Ботагоз Онгаровна
6) "Фармацевттік өндірістің технологиясы" кафедрасының меңгерушісі – Арыстанбаев Куттыбек Есенгельдиевич
7) "Фармакотерапия және клиникалық фармакология" фармакология кафедрасының меңгерушісі, Фармацияның білім беру бағдарламалары комитетінің төрағасы – Жанна Садибековна Токсанбаева
8) Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі – Акерке Туребековна Ауанасова
Кездесудің нәтижесі "Фармацевттік өндірістің технологиясы" бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын құру мақсатында екі жоғары оқу орнының оқу жұмыс жоспарларын зерделеу және салыстыру үшін жұмыс тобын ұйымдастыру болды.