«ОҚМА» АҚ ректорының «Ай Нұры» медициналық орталығына іс-сапары

Өткен аптада «Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ Ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы «Ай Нұры» медициналық орталығының базасында орналасқан клиникалық кафедраларда болды. Сапар барысында ректор болашақ дәрігерлерді даярлауда маңызды рөл атқаратын кафедралардың қызметімен танысты. Жанна Серікжанқызы оқытушылар құрамының жұмысын және студенттердің практикалық дағдыларға ие болу жағдайларын бағалады.
Клиниканың бас дәрігері Сәуленбаева Эльмира Өмірзаққызы өз кезегінде ректорды орталықтағы диагностикалау мен емдеуге арналған заманауи медициналық технологиялар мен жабдықтармен таныстырды. Жанна Серікжанқызы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен медициналық орталықтың өзара тығыз қарым-қатынасының болашақ медициналық мамандарды дайындау бағытындағы маңыздылығын атап өтті.

30.09.2024, 16:18
222 қаралым