"ОҚМА" АҚ ректоры клиникалық базаларына бару.
2024 жылдың 17 қыркүйегінде «ОҚМА» АҚ Ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы «Парк Хэлс» ЖШС және «Сұңқар Премиум» медицина орталығында орналасқан клиникалық базаларда болып, кафедралардың жұмысымен танысты. Студенттерге практикалық тәжірибеден өтуге арналған құралдармен жабдықталғандығына, сондай-ақ студенттердің қауіпсіздігі мен клиникалық базалардағы қолайлылық жағдайларына ерекше назар аударды.
Сапар аясында Жанна Серікжанқызы орталық басшыларымен студенттердің клиникалық базада сапалы және заманауи тұрғыда білім алып, дәрігерлік дағдыларды қалыптастыру үшін мүмкіндіктерді арттыру қажеттігін айтты. Клиникалық базалар болашақ мамандарды даярлау үшін қажетті жоғарғы стандарттарға сай жабдықталған.
Ректор клиникалық база басшыларына медициналық білім беру мен тәжірибе сапасын арттыру мақсатында ынтымақтастық келісім жасап көмек көрсетіп жатқандары үшін өз алғысын білдірді.