"Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы" АҚ сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес деп танылды

2021 жылғы 6-9 қыркүйекте "Русский регистр" сертификаттау қауымдастығы жүргізген инспекциялық аудит нәтижелері бойынша "Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы" акционерлік қоғамының сапа менеджменті жүйесі медицина және фармация саласында лицензияға сәйкес жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру үрдісін әзірлеу және жүргізуге, медицина және фармация саласында қосымша білім (біліктілікті арттыру, бейресми білім беру) беруге, клиникалық жұмысқа, ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігі куәландырылды.

10.11.2021, 09:35
462 қаралым