Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері республикалық деңгейде білім мен ғылым саласындағы жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.

“Жылдың үздік студенті” - Академия мақтанышы “Жалпы тәжірибелік дәрігер-2” кафедрасының 7 курс интерні Кумаров Мирас, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауын республикамыздың арасында кеңейтілген насихаттау мақсатында “Жаңа Қазақстан” республикалық инновациялық орталығы ЖОО-ның жас ғалымдары, магистранттары, студенттері арасында 21 желтоқсан күні, Астана қаласында “Жылдың үздік студенті” атты республикалық байқауда І дәрежелі дипломмен марапатталып, Қазақстан Республикасының үздік студенті атағына ие болды. Арнайы диплом, төс белгі және статуэтка берілді. Сонымен қатар, ғылыми жетекшісі Тасқынова Мая Әділбекқызы үздік шәкірт тәрбиелегені үшін алғыс хатпен марапатталды. Бұл жетістік Тасқынова Мая Әділбекқызының жетекшілігімен ғылыми зерттеулерге етене араласып, дәрігер интерннің оқу үлгерімі жақсы болуының нәтижесі.

24.12.2024, 16:54
142 қаралым