Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 45 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2024 жылдың 6-8 қараша аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 45 жылдығына арналған «Пәнаралық медицинадағы инновация және бизнес : ғылым және практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы мен медициналық жұртшылығы үшін маңызды бұл ауқымды іс-шараға неврология саласындағы жетекші Қазақстандық, Ресейлік және шетелдік мамандар, оның ішінде неврологтар,нейрогенетиктер, нейрохиругтер, реабилитологтар, нейрофизиологтар және Қазақстан, Ұлыбритания,Түркия, Ресей, Өзбекстанның жалпы практика дәрігерлері қатысты.
Конференцияда ғылым мен бизнестің байланысы және де жүйке жүйесінің ауруларының патогенезі,диагностикалау,дифференциалды диагностикалау және емдеу мәселелері қаралды.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 45 жылдығына арналған бұл конференция медицина саласының дамуына, инновацияларды енгізуге, ғылым мен практиканың өзара байланысын нығайтуға маңызды үлес қосты.

08.11.2024, 16:36
183 қаралым