Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына бірнеше елдің елшілері келді

2024 жылдың 16 қыркүйек Оңтүстік академиясына шет елдік дипломаттар келді. Дөңгелек үстелге азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Бас директоры-Арын Берік Сақбайұлы, Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі- Montasyr Abuzeid, Алжир Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Feniche Kamel, Кувейт Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі-Omer Alkanderi, Сауд Арабиясының Қазақстандагы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Faisal Hanef Alkahtani, Сауд Арабия елшісінін жұбайы-Jawza Majid Algahtani, Солтүстік Македонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі - Limani Sali, Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстандағы істерінде уақытша сенім білдірілген өкілі -Rahmani M. UR Rehman, Әзірбайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Atamoglanov Aghalar Rahimoglu, Ирактың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің міндетін атқарушы - Jaber Najm Abdullah Al-Temimi,Қатар мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің хатшысы - Rashid Saad Al-Muhannadi, Алматы қаласындағы АҚШ консулдығының экономика жөніндегі маманы - Perekhoda Yelena, Түрік делегациясы - Yuksel Fethi Ahmet және Yuksel Reside, "Rixos President Astana" қонақ үйінің бас директоры - TERCAN Tansel, "Rixos President Astana"бас директорының жұбайы - TERCAN Nurfer, "Rixos President Astana" қонақ үйінің бас директорының аудармашысы - Sultanova Assel Kozhanberdievna, Түрік телевидениясының өкілі - Жусипбаев Нургали Тилектесович қатысты.
Қонақтарды күтіп алу барысында академия тарихымен таныстырылды.ОҚМА ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы жалпы оқу орнымыз туралы оның ішінде академия оқу бағдарламалары, шет елдік оқу орындармен серіктестік, туралы қысқаша ақпарат беріп өтті. Медицина ғылымдарының докторы Біртанов Елжан Амантайұлы жанадан іргесін көтеріп жатқан Университеттік көпсалалы клиника туралы ақпаратпен таныстырды. Келген қонақтар өз таңданысын жасырмады. Оқу орнымыздың басшылығына жұмыста сәттілік тілеп, болашақтк серіктес болуға ниетті екендерін жеткізді.

17.09.2024, 10:39
218 қаралым