«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ білім беру қызметтерінің жоғарғы сапасы ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігімен расталды

2024 жылдың 11, 12 және 13 қараша күндері «Business Expert Group KZ» ЖШС «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-ның білім беру қызметтеріне «ISO 9001:2015. Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар» халықаралық стандартына сәйкес сертификаттау аудитін жүргізді. Аудит нәтижелері бойынша «G-CERTI» халықаралық сертификаттау органының (Оңтүстік Корея) лицензиясы негізінде «ОҚМА» АҚ-да медицина жəне фармация саласында жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық жəне кəсіби, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру үрдісін əзірлеу жəне жүргізу, медицина жəне фармация саласында қосымша білім (біліктілікті арттыру, бейресми білім беру) беру, клиникалық жұмыс, ғылыми-зерттеу қызметтері ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі жөнінде сертификат берілді.

29.11.2024, 13:39
69 қаралым