“Өмірге қайта келсемде-өзіңді таңдар едім, АНАШЫМ.”
Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтаймыз. Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып жүргенін қалайды.
Әсіресе баласы шет елде жүрген аналар жүрегі алаңдап, баласынан жақсы хабарлар күтеді. Осы мақсатта оқу орынымызда оқып жүрген шет ел білім алушыларымен бірге ерекше форматта “Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар” кафедрасы “Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін” және “Әрдайым жақсы хабарлармен қуантып отырамын” -деген мақсатта әңгіме жүргізіліп, бейнеролик түсіріліп, аналарына жолданды. Сол сәтте толқыныспен аналары балаларына хабарласып,сағынышын басып, жылы сөздерімен еркелетіп, көздеріне жас алып, қуаныштарын жасыра алмады. Балаларымен аналары әңгімелесіп, әсіресе кішкентай кезіндегі қылықтарын еске түсірді.
- ”Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады”,
- “Көп заттар жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды”,
- деген сияқты білім алушылар аналары жайлы ыстық естеліктерімен бөлісіп,сағынышпен еске алды. Әрине ананың адам өміріндегі орныы ерекше және ана баласы үшін кез келген уақытта дайын екенін естеріне салып, жиі хабарласып, жағдайын біліп отыруға кеңес бердік.
Бұл тәлімгерлік сағат ерекше ықыласты форматта өтті. Осындай тәлімгерлік сағаттар білім алушылардың рухани қолдау тауып,көңіл күйін және мотивациясын арттыруға көмектеседі деп ойлаймыз.
