Қол күрестен ЖОО арасында қалалық жарыс

674 1

Желтоқсанның 12 жұлдызында Академияның спорт залында морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасының ұйымдастыруымен қол күрестен қалалық жарыс өтті.

Жарысқа қаламыздың жоғары және арнаулы орта оқу орындары -  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Мирас университеті, Шымкент универститеті, Шымкент медициналық колледжі, Жаңа технологиялар колледжі  және  ОҚМФА студенттері қатысты.

Жарыс  6 салмақ дәрежесінде (қыздар арасында 55 кг, +55 кг, ұлдар арасында 70 кг, 80 кг, +80 кг) өтті.

 

674 2

Біздің студент-жеңімпаздарды құттықтаймыз:

55 кг салмақ дәрежеде  Кулматова Аида 203 ҚДС студенті,

80 кг салмақ дәрежеде Шамиев Мағжан 511 ҚДС студенті.

Басқа салмақ дәрежесінде қонақтарымыз жеңімпаз болды, жеңімпаздарды дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

21.12.2015, 03:13
449 қаралым